• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 14:31:26
Алматы
+35°

Президент, Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісіне қатысты. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Президент жиынға дейін қызмет барысында қаза тапқан әскери қызметшілерге арнап орнатылған "Мәңгі есімізде" монументіне гүл қойып, тағзым етті.

– Мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін арттыру үшін ауқымды жұмыс атқарылды. Бұл Тұңғыш президент, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасы, – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрлігінің басшылығын жаһандық масштабта да, жекелеген аймақтарда да күрт өзгеріп жатқан әлемдегі ахуалды жіті бақылап отыруға шақырды. Оның сөзінше, қазіргі қауіпсіздік архитектурасы дағдарысқа ұшыраған.

Мемлекет басшысы ішкі толқулар, төңкерістер елдің тұтастығына сөзсіз әсер етеді деп санайды. Оған Брест бітімінен бастап Қап тауындағы соңғы жағдайларға дейінгі тарихтың жаңа парақтары куә.

– Мұндай жағдайда мемлекеттің егемендігі мен тұтастығының жалғыз кепілі – Қарулы Күштер. Елімізді сыртқы қауіп-қатерден қорғап тұрған әскери қызметшілерді мемлекет әрдайым қолдайды. Президент және Жоғарғы Бас қолбасшы ретінде қорғаныс саласына ерекше көңіл бөлуді өз жұмысымның басым бағыты ретінде санаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігі соңғы жылдары әскери жоспарлау құжаттарын дайындау бойынша ауқымды жұмыс атқарғанын атап өтті. Бұл армия мен мемлекеттік органдардың сыртқы қауіп-қатерге қарсы мақсатты түрде дайындық жүргізуіне мүмкіндік берген.

Президенттің пікірінше, осыған дейін қол жеткен жетістіктерді сақтау үшін Қарулы Күштердің қызметіндегі бірқатар басымдыққа көңіл бөлу қажет.

Атап айтқанда, әскердегі моральдық-психологиялық ахуалды және сарбаздардың жауынгерлік рухын көтеру аса маңызды. 

– Қорғаныс министрлігіне мүдделі органдармен бірлесіп, 2021  жылғы 1 қарашаға дейін Қарулы Күштердегі, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдардағы идеологиялық жұмыстардың тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір