• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:09:02
Алматы
+35°

"Егер Джо Байден алда келе жатқан апатты тоқтату үшін жедел әрекет етпесе, Қытай мен АҚШ жаппай соғысқа түсуі мүмкін" деп ескертті АҚШ-тың бұрынғы жоғарғы шенеунігі.

Қырғи-қабақ соғыс кезінде Американың сыртқы саясатында көрнекті рөл атқарған, бұрынғы мемлекеттік хатшы Генри Киссинджердың айтуынша, қазіргі уақытта екі тарап бірінші дүниежүзілік соғысқа ұқсас қақтығысқа бет алуда. Киссинджер қазіргі кезде әскери технологияларға байланысты кез келген жанжалды бақылау мүмкін болмайтынын ескертті. Ол сондай-ақ Дональд Трампты Қытаймен қарым-қатынасты бұзғаны үшін және Си Цзиньпинмен дипломатиясының төмен деңгейі үшін сынға алды.

Киссинджер сайланған президент Джо Байденнің алдында қазір байланыстарды қалпына келтіру және екі жақ арасындағы қақтығыс ықтималдығын тоқтату секілді маңызды міндет тұрғанын ескертті.

Bloomberg-тің Жаңа Экономикалық Форумында сөйлеген сөзінде ол "Егер қандай-да бір ынтымақтастық әрекеттің негізі болмаса, әлем бірінші дүниежүзілік соғыспен салыстыруға болатын апатқа түсіп кетеді. Америка мен Қытай қазір қарама-қайшылыққа барады және олар өз дипломатияларын текетірес тәсілмен жүргізіп жатыр. Қауіпті нәрсе – бұдан риторикадан тыс нақты әскери қақтығысқа ұласатын кейбір дағдарыс пайда болады" деді АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы.

Киссинджер "Қытайдың әлемдік экономиканың негізгі бөлігіне ие екенін Джо Байден ерекше атап көрсеткені дұрыс" деп мәлімдегенімен, ол жаңа дипломатиялық көзқарас қажет екенін айтып сендірді.

Ол сондай-ақ екі тарап қарым-қатынастағы эрозияға қарамастан кез келген әскери қақтығыстарды болдырмауға келісім беру керектігін атап өтті.

Ол тағы да "Құрама Штаттар мен Қытай бұрын-соңды өзімен деңгейлес елмен кездескен емес. Бұл – бірінші тәжірибе. Біз оның жанжалға айналып кетуіне жол бермеуіміз керек және кейбір бірлескен іс-әрекеттерге әкелуіміз керек" деді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қытай АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір