• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:04:38
Алматы
+35°

Белгілі журналист, "QAZAQSTAN" Ұлттық телеарнасының бас продюсері Мақсат Толықбай бірінші желтоқсаннан бастап эфирден кететінін мәлімдеді. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Әріптесім, журналист Дина Елгезек "Мақсат Толықбайдың саяси науқанның алдында неге саяси белсенділігі арта түседі?" деп жазыпты. Былтырғы сайлауды меңзеген болар. Ринат Заитовты босатуын талап етіп, екі сағатта үш мың адам жиналған едік. Осы жолы жарқ етіп біреу шықса қолдауға дайын едім. Күттім...

Ашығын айтайық, жаңа партия тіркетуге мүмкіндік жоқ. Мажоритарлы емес, пропорционалды жүйе болғандықтан, жеке округтен де түсе алмайсың. Қазіргі жүйеде байкот жариялау да іске аспайды.
 
Бірнеше партиядан ұсыныс түсті. Ұзақ ойландым. Қысқасы, алдағы сайлауда "АДАЛ" партиясының атынан кандидат ретінде қатыспақпын. Неге? Өйткені "АДАЛДАҒЫ" жастардың үлесі 60 пайыз болған соң. Қазір қоғам нақты қадамдар күтеді. Парламент заң шығарушы орган ғана емес, онда қоғамның ең өзекті мәселелері түгел айтылуы керек. Бағымды сынап көрейін. Ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді. Нар тәуекел! Азаматтық қоғамның дамуына титтей де болса үлес қоссам деймін.
 
Жақында ғана "Бас продюсер" қызметін сеніп тапсырған "QAZAQSTAN" Ұлттық арнасының басшылығына рақмет! Оның сыртында аптасына бес күн бойы жүргізетін "Ашық алаңым" бар" деп жазды журналист.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір