• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:46:29
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрлігі екінші тоқсаннан бастап оқушылардың қалай оқитынын мәлімдеді.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстанда 7 мыңға жуық мектеп бар, олардың 3700-ден астамы карантиндік шектеулер жағдайында дәстүрлі форматта жұмыс істеп, барлық сынып оқушысын мектеп қабырғасында оқытып жатыр.

"Қалған мектептерде санитарлық дәрігерлердің талабы бойынша оқыту аралас форматта жүргізіледі: ата-аналардың өтініші бойынша мектепалды, бастауыш және 5-сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Бірақ әр өңір бойынша нақты шешімді жергілікті санитар дәрігерлер қабылдап, рұқсат береді" делінген ресми сайт хабарламасында.

Сонымен қатар бала кезекші сыныпта оқитын болса, онда барлық тапсырма бұрынғыдай қалыпты форматта беріледі. Яғни, бала сыныпта оқиды, ал үй тапсырмасын үйде оқулық бойынша орындайды.

Министрлік қосымша ресурс ретінде қолжетімді білім беру платформаларындағы контентті қалай пайдалану керектігін әр мұғалім өзі таңдайтынын және үй тапсырмасының көлемі бекітілген нормадан тым көп болмауы қажеттігін хабарлады.

Білім министрлігі белгілі бір платформаны пайдалану бойынша талаптар қоймайды. Білім беру платформасын мектеп әкімшілігі өзі таңдайды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір