Нұр-Сұлтан қаласы және Қостанай, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында карантин шаралары күшейтілді. Бұл туралы облыстардың бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Ж.Пралиева карантинді күшейтуге қатысты қаулы шығарды.

Аталған қаулыға сәйкес:

  • 1-5-сынып және 1-7-сыныптан бастап халықаралық мектептерден басқа, сыныпта 15 балаға дейін білім беру объектілерінің жұмысын онлайн-оқыту режимінде ұйымдастыру;
  • оффлайн-режимде оқитын оқушылар арасында коронавирустық инфекция ауруының бір жағдайын тіркеу кезінде ата-аналардың өтініші бойынша барлық сыныптарды онлайн-оқытуға көшіруге қатаң түрде жол беріледі;
  • қабылданатын шаралар туралы бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде түсіндіру.

Қаулының толық нұсқасы мына жерде.

Қостанай ​​облысының бас санитар дәрігері В. Нечитайло карантин талаптарына бірқатар өзгерістер енгізді.

Бас санитар дәрігер жұмыс күндері сағат 06:00-ден 21:00-ге дейін облыс аумағында қоғамдық көліктің жүруін және демалыс күндері қоғамдық көлік жұмысының тоқтатылуын ұсынды.

Қаулыға сәйкес:

  • жабық спорт нысандарының жұмысына тыйым салу;
  • қоғамдық тамақтану орындарында бір үстел басында 4 адамнан артық болмауға рұқсат етіледі. Алып кету және жеткізу жұмыстары 22:00-ге дейін шектелген;
  • қала сыртындағы жол бойындағы сервис қоғамдық тамақтандыру пункттеріне уақыт бойынша өзімен алып кетуге және жеткізуге ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген;
  • бассейндердің, оның ішінде моншалар мен сауналардың жұмысына тыйым салынады;
  • сауналар мен моншалардың жұмысы 9:00-ден 19:00-ге дейін шектелген;
  • санаторийлер мен демалыс базаларының жұмысы тоқтатылды;
  • демалыс және мереке күндері авто және ауыл шаруашылығы техникаларына арналған қосалқы бөлшектерді сататын дүкендердің жұмысына тыйым салынады;
  • медициналық-әлеуметтік саланың жұмысы карантин режиміне ауыстырылады;
  • балалар секцияларының, үйірмелер мен факультативтердің жұмысына тыйым салынады;
  • профилактикалық егулерден басқа, жоспарлы скринингтер көрсету тоқтатылады.

Қаулының толық нұсқасымен танысыңыз.

Сондай-ақ Ақтөбе облысының бас санитар дәрігері Н. А. Беркімбаеваның карантинді күшейтуге қатысты қаулысында аталған нысаналарға тыйым салынады:

  • конференциялар, көрмелер, форумдар, ойын-сауық, спорттық, сондай-ақ адамдар көп жиналатын отбасылық, салтанатты, естелік және басқа да іс-шараларды, оның ішінде үйде, митингтер, шерулер, жиындар және т.б.өткізуге; 
  • кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне;
  • қала саябақтарында, жағалауларында, скверлерінде балалар мен ересектерге арналған қозғалыс құралдарын (электромобильдер, педальды автомобиль, самокаттар, картингтер, пейнтбол, автодромдар, гироскутерлердің барлық түрлері және т.б.) жалға алуға:
  • бастауыш, орта және негізгі орта деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы асхана жұмысына;
  • демалыс және мереке күндері: сауда-ойын-сауық орталықтарының, алаңы 2000 және одан да көп ш. м. сауда объектілерінің жұмысын тоқтата тұру, ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда;
  • азық-түлік емес және азық-түлік сататын жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;
  • айырбастау пункттері, ломбарттардың қызметіне жұмыс кестесін белгілей отырып сағат 10.00 – 20.00 дейін жұмыс жасау.

Қаулының толық нұсқасы мына сілтемеде.

Павлодар облысының бас санитар дәрігері Б. Әлиев 13-ші қарашада карантиндік шаралар туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.

Аталған қаулыға сәйкес азық-түлік дүкендерінің қызметі 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс жасай алады.

Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде.

Ал Қарағанды ​​облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Юрий Залыгин карантин талаптарына өзгерістер енгізді.

Жаңа қаулы бойынша қалада санитариялық шараларды күшейте отырып, объектілердің жұмысы 09:00-ден 22:00-ге дейін шектеледі. 

Сондай-ақ аталған нысандардың жұмысына тыйым салынады: 

  • ойын-сауық мекемелер (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары т.б.);
  • фудкорт, банкет залдарына;
  • қалалық және қоғамдық жағажайлар;
  • шаштараз, сұлулық салондары карантиндік шараларды сақтай отырып, клиенттердің алдын-ала жазылуы бойынша қабылдайды.

Қаулының толық нұсқасы.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір