• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 09:08:08
+35°

Арменияның президенті Армен Саркиссян премьер-министр Пашинянның қызметінен кетуіне және мерзімінен бұрын сайлау өткізуге шақырады. Бұл туралы bbc.com хабарлады. 

– Менімен кездесуге қатысушылардың басым көпшілігі бір ғана мәселемен келеді. Көбі премьер-министр Никол Пашинянның қызметінен кетуі не өкілеттілігінің тоқтатылуы жайын қозғап, конституцияға сәйкес мерзімінен бұрын сайлау өткізу жайлы ұсыныстарын айтты, – деп "Арменпресс" басылымы президент сөзін жеткізді.

Армения үкіметі президенттің сөзіне әлі жауап қатқан жоқ.

Армения – президент тікелей саясатқа қатыспайтын, бірақ мемлекет басшысы және конституцияның кепілі болатын парламенттік республика.

Бұған дейін, Армения мен Әзербайжан арасындағы Таулы Қарабақ үшін болған 44 күндік соғыста армян күштері 2,3 мыңнан астам әскерінен айырылды. Сөйтіп, 10 қараша күні Армения премьер-министрі Никол Пашинян Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта әскери әрекеттерді тоқтату туралы келісімге қол қойды. Сол келісім жасалған күннен бастап Арменияда наразылықтар мен қызу пікірталастар жалғасып келеді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Армения Пашинян

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір