• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:19:42
Алматы
+35°

16 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Қойшының вагонынан марихуана табылды

Вагоннан 1 ойық қару, 5 тіркелмеген аңшы мылтығы, 56 патрон, сондай-ақ республика аумағында аулауға тыйым салынған "қарақұйрық" жануарының ұшасы мен басы табылды.

Фото: Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі

2020 жылғы 12 қарашада "Қару" жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде Мойынқұм ауданының құмға жақын маңдағы мал жайылымы аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қойшы болып жұмыс істейтін 34 жастағы жергілікті тұрғынның кішкене вагонынан жалпы салмағы 1 келі 310 грамм "кептірілген марихуана" есірткі заты табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Жамбыл облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Вагоннан 1 ойық қару, 5 тіркелмеген аңшы мылтығы, 56 патрон, сондай-ақ республика аумағында аулауға тыйым салынған "қарақұйрық" жануарының ұшасы мен басы табылды.

Аталған дерекке қатысты  ҚР ҚК 4-бөлімінің 296-бабы (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) және ҚР ҚК 4-бөлімінің 337-бабы (заңсыз аң аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары  басталды.

Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады. Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтағаны үшін 3 жылға дейін, заңсыз аң аулағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шопан Есірткі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір