• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 23:52:32
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы баспасөз қызметі

XIX ғасырда қазақ даласында аттары дүркіреген Қарқаралы, Қоянды жәрмеңкелерімен қатар тұрған Көкжар жәрмеңкесі – тарихи орын. Көкжар жәрмеңкесі - Ақтөбе облысы Ойыл ауданында орналасқан. Көкжар жәрмеңкесі ресми түрде 1867 жылы Орал облысының Қазбек болысында көктемде ашылған. Көкжар жәрмеңкесіне биыл 153 жыл толды. Жәрмеңкенің сауда қатарлары, кіріс-шығыс құжаттарын жүргізген комитет үйі, мешіті мен көпестердің үйі секілді тарихи ғимараттар тек Ойылда сақталған.  

Қазақстан аумағындағы ең ірі 13 жәрмеңкенің ішінде тауар айналымының көлемі бойынша 9-шы орынды иеленген тарихи орын. Батыс Қазақстанда халық өнері мен мәдениетін насихаттауға мол мүмкіндік туғызған орталық. Қазақстан бойынша 13 жәрмеңкеден ізі қалған, архитектурасы сақталып, жойылмаған тарихи ескерткіш. Қазіргі таңда ішкі туризмді дамытуға және халықтың рухани дамуына үлесі зор.

Қазақстанның батыс аймағын зерттеген белгілі ғалым саяхатшылар П.С.Паллас, Фальк, Г.Георги, П.И.Рычков, тағы басқалары өз жазбаларында сауда жолдары мен орталықтары жөнінде көптеген мәліметтер қалдырды. Қазақ жерінің тарихын зерттеген әйгілі ғалым Ермахан Бекмаханов осы жәрмеңкенің ашылуы жөнінде: басқарушы органдардың тәртібі бойынша алғашқы рет 1867 жылы көктемде «Орынбор даласындағы Ойыл өзенінің жанында ашылған жәрмеңкенің сауда нәтижесі жақсы болды» деп нақты деректер келтірген. Алғаш зерттеу жұмыстары 1973 жылы жүргізіліп, ескерткіш паспорты дайындалады. Тәуелсіздік жылдарында сауда қатарлары туралы зерттеу жұмыстары 2001 жылы «Ақтөбе» энциклопедиясына және «Ақтөбе облысының топонимикалық кеңістігі» атты жинағында 2007 жылы жарық көрді. 2012 жылы тарих ғылымдарының кандидаты Беркін Жолмырзаұлы Құрманбековтың «Ойыл жәрмеңкесі» атты кітабында жарық көрді.

1867 жылғы көктемде жәрмеңке мейлінше қанағаттанарлық нәтижелер берді. Оған шамамен 250 мың сом тұратын тауарлар әкелінген, олардың 100 мың сомнан астам тұратыны сатылды және айырбасталды, жәрмеңкеде 20 мыңға дейін әр түрлі мал сатып алынды. 1867 жылы жәрмеңкеге 137 саудагер қатысты. Көкжәр жәрмеңкесі екі мезгілде өтіп отырған: біріншісі 15 мамыр -15 маусым, екіншісі 15 қыркүйек -15 қазан аралығында өтіп отырған.

Жәрмеңкеге солтүстіктен Орынбор, Сарытау, Самара қалаларынан орыс, татар саудагерлері келіп сауда жасап ішкі байланыс орнатылған. Оңтүстіктен Хиуа, Бұқара, Түркіменстан және Орта Азия, Ауғанстан, Иран елдерімен сыртқы байланыс орнатылып, осы аталған өңірлерден керуендер ағылып келген.

Көкжар жәрмеңкесінде қазақтар көпестер әкелген тауарларға: мата, ыдыс-аяқ, қант-шай, кептірілген жеміс – жидек өнімдеріне мал және мал шаруашылығының өнімдерін (түйе, қой жүндерін, ешкі түбітін, мал және аң терілерін, елтірі, ішік-тон т.б.) айырбастаған. Жәрмеңкеде саудагерлер мен жергілікті қазақтар арасындағы сауда негізінен айырбас жасау сипатында жүргізілген.

Көкжар жәрмеңкесінен сатылған мал және мал өнімдері жөнетілген бағыттары: Тайсойған -Мақат-Гурьев, Астрахан - Солт. Кавказ, Әзірбайжан, Иран жерлері.

1867 жылы жәрмеңкеге 60 татар, 33 орыс және 22 орал казактары қатынасқан. 1867 жылы жәрмеңкенің алғашқы өткізілген орыны сауда ісінің талаптарына онша сай емес болғандығына байланысты жәрмеңке Орал облыстық басқармасының әскери губернаторы, генерал-майор Веревкиннің Орынбор генерал губернаторына берген мәліметіне қарағанда 1869 жылы Ойыл бекінісінің жанына Барқын шатқалына көшірілген. Осы жылы тауар айналымы 46.061 рубльге жетті.

1905 жылы көктемде 1610663 рубльдің мал және мал өнімдері сатылса, 1906 жылы 1209823 рубль мал және мал өнімдері сатылды. Ресей статистикалық комитетінің 1911 жылғы деректері бойынша Көкжар жәрмеңкесінің тауар айналымы 2 млн 140 мың сомға жеткен.

Ұлы жібек жолының бойында орналасқан Көкжар жәрмеңкесіне Ойылдың көнекөз қариялары бала кездерінде үлкендердің айтқандарын еске алып отырады: бір кездері көкжар жәрмеңкесіне жүкті пілмен әкелген көрінеді. Шамасы пілдерді жәрмеңкеге келе жатқан жолда Иасы-Түркістанда, Тәшкенде, Хиуада немесе Бұхарада қыстатса керек деген дерек айтылады.

Көкжар жәрмеңкесінде ауыл ақсақалдарының айтуынша осы жерде тек қазақтардың ғана емес, бүкіл қарақалпақтарды, башқұрттарды, Орта Азияның көпестерін жинаған жәрмеңке болған деседі.

Ойыл жәрмеңкесінің маңызы артып, сауда орталығы болғаннан кейін Үндістан, Иран, Европа елдерінен саудагерлер келген деп аңыз деректер таратады. Олардың сатқан тауарлары: үнді шайы, мақта, тәтті тағамдар, жібек маталар.

1869 жылы салынған керуен сарайының құрлысына жергілікті табиғи гипсті, топырақты және карьер тастарын қолданғандығы туралы халық арасында айтылып келеді. Сонымен қатар керуен сарайдың кірпіш тасы жергілікті жерде күйдіріліп, құрылысты ағылшындардың салғандығы айтылады.

Тарихи сауда қатарлары туралы өлкетанушы Жақсылық Бисалиевтің пайымдауынша құрылысты ағылшын, орыс, татар кәсіпкерлері мен саудагерлерінің қолдап, демеуімен белгілі орыс сәулетшісі А. Брюлловтің жобасы бойынша салынған. Орынбор жәрмеңке комитетінің, сондағы сауда нысандары мен мұсылман мешітінің, емхана, аса ауқатты татар байлары салдырған ғимараттардың дәлме-дәл көшірмесі деп келтіреді.

          Қазақстанның қасиетті жерлерін қас¬терлеу – бізді кез келген рухани жұтаңдықтан сақтары анық.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ақтөбе тарих облысы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір