• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 18:24:56
Алматы
+35°

16 желтоқсан күні Жаңаөзен оқиғасы мен Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатымен митинг өтеді. Бұл туралы Демократиялық партия бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда өтіп жатқан митингте айтты.

Дулат Ағаділ өзі үйде түрмеде, мемлекеттік мекемеде қайтыс болды. Оның өліміне билік кінәлі. Кеше ғана Дулаттың ұлы Жанболат қайтыс болды. Әділетті тергеу жүргізілуі керек деп ойлаймын. Әлі де шындық ашылған жоқ. Қазақстан тәуелсіздік жылдарында Назарбаев билігінің тұсында қаншама адам құрбан болып жатыр. Барлық саяси тұтқындар бостандыққа шығуы керек. Мемлекет олардың алдында кешірім сұрап, өтемақы төлеуі керек. Олар қылмыскер емес! 

Қазір Назарбаевтың айналасындағы адамдар, оның отбасы мүшелері санаулы банктерге миллиардаған ақша беріп жатыр. Осы уақытқа дейін 5 триллионға жуық ақшаны жекеменшік банкерге берді. Ол кімнің банкі? Ол Тимур, Динара Құлыбаевтардың банкі, Машкевичтің, Өтемұратовтың және басқа да байлардың банкі. Миллиардтаған ақшаны шетелге салып жатқан, биліктегі шенеуніктер түрмеде отыру керек, – деді ол.

Сондай-ақ Жанболат Мамай алдағы уақытта да митинг болатынын айтты.

16 желтоқсан күні де митинг өтеді. Жаңаөзен мен Желтоқсанның құрбандарын еске аламыз! Сайлауға байкот жариялаймыз! 10 қаңтар күні де митингке шығамыз! Алаңға шығамыз! – деді Жанболат Мамай.

Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда Демократиялық партия бастамашыл тобы мен "Басе" youtube арнасының шақыруымен митинг өтуде. Белсенділер "жер сатылмасын", "несие амнистиясы жариялансын", "алда болатын мәжіліс сайлауына байкот жариялау", "саяси тұтқындарды босату" талаптарын қойып жатыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір