• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:23:49
Алматы
+35°

Қазақ баспасөзінде АҚШ президенті сайлауы туралы шындыққа мүлде сай келмейтін фейк ақпараттар таралып, халықаралық жаңалықтардың шын-өтірігін анықтамай жариялау көрініс беруде.

Мысалы, Kznews.kz сайты "Джо Байден АҚШ президенті болу құқығынан бас тартты" деген тақырыппен жаңалық жариялаған. Қазақстандық сайт ресейлік "Взгляд" басылымына сілтеме жасап хабарлағанымен, жаңалықтың мазмұнында тақырыбы айтқандай "Джо Байденнің президенттіктен бас тартқаны" туралы ешқандай сөз немесе тіркес жоқ. 

Оған қоса, америкалық, британиялық, тіпті, австралиялық немесе тағы басқа ағылшын тілді басылымдарда мұндай мазмұнда ешқандай ақпарат жарияланбаған.

Ал АҚШ-тың федералдық сайлау шенеуніктері президент Дональд Трамптың алаяқтық шағымын қабылдамай, 2020 жылғы президент сайлауына дауыс беруді "Америка тарихындағы ең қауіпсіз" деп мәлімдеген.

BBC Байденнің дауыстары Трамптан тіпті де асып бара жатқанын хабарлады.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір