• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 04:42:56
+35°

Қытай демократ Джозеф Байденге президент сайлауындағы жеңісіне байланысты құттықтау жіберді, деп хабарлады Deutsche Welle.

"Біз америкалықтардың таңдауын құрметтейміз. Байден мырза мен Харрис ханымды құттықтаймыз" делінген ҚХР сыртқы істер министрлігінің жолдауында.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ван Вэньбин Қытай "сайлау нәтижесі АҚШ заңдары мен рәсімдеріне сәйкес анықталады" деп түсінетінін айтты.

Бұған дейін Джо Байден АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткенін айтқан болатын. Демократ АҚШ-тағы президент сайлауында 284 дауыспен жеңіске жеткен болатын.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Джо Байденді біріншілердің қатарында құттықтаған еді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір