• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:46:13
Алматы
+35°

Фото: Жанбола Ағаділдің парақшасынан

Азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділдің өліміне қатысы бар делінген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов хабарлады.

– Қазіргі уақытта төбелеске қатысқан үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның ішінде кісі өлтірді деген күдіктілер де бар. Күдіктілердің кінәсі жиналған дәлелдермен анықталды. Ағаділдің өліміне алып келген төбелеске қатысушылар аса ауыр қылмыс жасады. Тергеу барысы қазір бақылауда, нәтижелері туралы қосымша хабарлаймыз, – деді Әділов елордадағы брифингте.

Еске салсақ, 10 қарашада түнгі сағат 23.00 шамасында Нұр-Сұлтан қаласы Көктал ықшамауданында азаматтық белсенді марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділ пышақ жарақатынан қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір