• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 00:34:40
Алматы
+35°

Алматыда «Birgemiz» қорынан 50 мың теңге көлемінде бірреттік көмек төлеу аяқталды.

«Осы жолы қордың шешімі бойынша біржолғы көмек атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, I – II топтағы мүгедектерге (жасы бойынша зейнеткерлер) берілді. Сонымен қатар, ең төменгі немесе одан төмен зейнетақы алатын зейнеткерлер де алды. Олардың саны шамамен 1000 адам. Бұдан бөлек, көмек алушылар қатарында мүгедек балаға күтім жасайтын адамдар, Екінші дүниежүзілік соғысының қатысушылары мен мүгедектері, оларға теңестірілген адамдар, тыл еңбеккерлері мен тұл жетімдер бар»,– деп хабарлады «Nur Otan» партиясының Алматы қалалық филиалы.

Мегоплисте бірреттік көмекті барлығы 8078 адам алды.

«Көрсетілген ақшалай көмек мен үшін үлкен демеу болды. Әсіресе қазір, күзде жылы киім сатып алу қажет болған кезде. Менің төрт балам бар, олардың үлкені 17 жаста, ал кішісі 5 жаста. Бұл Елбасының дер кезінде берген сыйы»,- деді көпбалалы ана Бибігүл.

Біржолғы көмек алған көптеген тұрғындар әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларында өз қуаныштарымен бөлісіп, «Nur Otan» партиясының көшбасшысы, Елбасына алғыстарын білдірді. Олардың ішінде І топ мүгедегі Ермек Байсалбек пен Нигора Ибрагимова, Ауған соғысына қатысушы Алтай Өтебайұлы және тағы басқалары бар.

Естеріңізге салсақ, «Birgemiz» қоры 2020 жылдың наурыз айында Тұңғыш Президент, «Nur Otan» партиясының Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен коронавируспен күрес жағдайында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау үшін құрылған болатын.

Жалпы алғанда, 60 мыңнан астам адам қор қаражатынан бесінші толқынның есебімен 50 мың теңгеден материалдық көмек алды.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Birgemiz Алматы көмек

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір