• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 01:05:47
Алматы
+35°

Фото: Жанболат Ағаділдің парақшасынан

10 қарашада түнгі сағат 23.00 шамасында Нұр-Сұлтан қаласы Көктал ықшамауданында азаматтық белсенді марқұм Дулат Ағаділдің ұлы Жанболат Ағаділ пышақ жарақатынан қайтыс болғаны хабарланған.

Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті таратқан хабарламада Жанболат Ағаділ жаппай төбелес кезінде көз жұмғаны айтылды. 

Қамшы тілшісі Жанболаттың досымен телефон арқылы сөйлесіп, оқиға барысын анықтауға тырысты. Оның айтуынша, олар төбелесте болмаған және жолдасының қайтыс болғанын жаңа ғана естіген.

– Біз қайтыс болғанын енді естідік. Ешкіммен қақтығыспаған еді. Бұл (төбелес – ред.) туралы ештеңе білмеймін. Жанболат өзі жақсы жігіт еді, бөтен нәрсеге әуес емес, жамандығы жоқ. Ешкіммен қатты жанжалдаса қоймайтын. Ол фотограф болды, кейін ол жұмысты қойып кетті. Өзіміз сенбей тұрмыз. Көп адам біле бермейді, – деді есімін жарияламауды сұраған Жанболат Ағаділдің досы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір