• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:38:03
Алматы
+35°

Шығыс Қазақтан облысы бас санитар дәрігерінің қаулысымен карантин шаралары ұзартылды.

"Аумақтың Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің м.а. Г.Ж.Тагаеваның қаулысымен Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2020 жылғы 11 қарашадағы сағат 00.00-ден бастап 2020 жылғы 25 қарашадағы сағат 00:00-ге дейін шектеу шаралары ұзартылды" делінген ресм сайт таратқан хабарламада.

Қаулыға сәйкес:

  • коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық материалдарды хабарландыру тақталарына және басқа да көпшілікке көрінетін жерлерге орналастыру;
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдарда азаматтарды жеке қабылдауды, қызметкерлердің жеке қатысуымен кеңестерді, семинарларды және т. б. өткізуді азайту;
  • адамдар көп жиналатын орындардағы ғимараттар үй-жайларында, қоғамдық көлікте, жабық және жылы аялдамаларда, әуежайларда, теміржол және автовокзалдарда дезинфекциялық және санитариялық өңдеу жүргізу;
  •  ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, бейбіт жиналыстарды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, ас беру) және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге;
  • ойын-сауық мекемелерінің жұмыс істеуіне тыйым салу (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондары, кинотеатрлар, букмекерлік кеңселер, фудкорттар).

Өскемен қаласында шектеу сақталсын, ал Риддер қаласы; Алтай ауданының Серебрянск қаласы мен Жаңа Бұхтырма кентінде аталған нысаналардың жұмыс істеуіне тыйым салынады:

1) кинотеатрлар;

2) моншалар, сауналар;

3) бассейндер;

4) театрлар;

5) мәдениет объектілері, кітапханалар, мұражайлар;

6) фитнес-орталықтар және спорттық-сауықтыру орталықтары, жаттығу  залдары, спорт кешендері, СПА орталықтары/салондары.

Қаулының толық нұсқасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір