• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 08:54:04
Алматы
+35°

Облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өткен жиында өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай, жылыту маусымының өтуіне қатысты сұрақтар талқыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары, Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері бейнебайланыс арқылы қатысты.
Облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржауған Қалауовтың сөзінше өңірдегі жағдай тұрақты.
Науқастардың 97%-ы ауруханадан шыққан. Төсек-орын жүктемесі 14,6%-ға дейін төмендеді. 315 инфекциялық кереует дайындалды. Зертханалар 177 890 ПТР тесттен өткізді, тест құны 15 400 теңгеден 8 мыңға дейін арзандады. Өңірде пандемияның болуы мүмкін екінші толқынына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр.
"Стационарлардағы кереует саны қажет болса 315-тен 3603-ке дейін артады, соның ішінде 401 - реанимациялық. Облыстағы 3603 төсек орынның 2060-ы оттегімен қамтылған. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту шаралары қабылданды. Медициналық мекемелерде дәрі-дәрмектер мен жеке қорғаныс заттарының екі айлық қоры жасалды",- деді Нұржауған Қалауов.
Республикалық бюджет есебінен 1 компьютерлік томограф, 13 стационарлық рентген аппараты, 50 науқас мониторы, автономды оттегі стансасы, 6 жылжымалы диагностикалық кешен, өкпені жасанды желдету аппараты мен т.б. сатып алынды. qamshy.kz
47 мониторинг тобы 16 666 нысанды қамтып, 6682 рейд жүргізді. Нәтижесінде 1487 құқықбұзушылық анықталып, 962 адам жауапқа тартылды, 119,2 млн теңге айыппұл салынды.
Оңдасын Оразалин Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне бақылауды (әсіресе көлік өтетін "Жайсаң" және "Әлімбет" бекеттері бар Қарғалы, Мәртөк аудандарында) күшейтуді, індет анықталған жағдайларда қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Сондай-ақ, жиынға қатысушылар жылыту маусымының өтуін талқылады.
Энетергетика және ТКШ басқармасының басшысы Айбек Қайырдың сөзінше, 589 қазандықтың, 266,5 жылу жүйесінің, 136,5 шақырым сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің, 146,6 шақырым электр желілерінің, 1 440 әлеуметтік нысанның, 2 486 көппәтерлі тұрғын үйдің жоспарланған барлық ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары мерзімінде аяқталған. Жалпы дайындық 100% құрайды. qamshy.kz
Бюджеттік мекемелер үшін 34 486,6 тонна көмір мен 2 011,2 тонна дизель отыны дайындалып, халықтың қажеттілігіне 23 602 тонна дизель отыны жеткізілді.
Өңір басшысы Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдеріне осы сұрақты үнемі бақылауда ұстап, жылыту маусымы кезінде коммуналдық желілердегі техникалық бұзушылықтарды жоюдың жедел шараларын қабылдауды тапсырды. qamshy.kz
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Жақсығали Иманқұлов мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында өңірде "Ақтөбе облысының орман шаруашылығын дамыту шараларының 2021-2023 жылдарға арналған жоспары" әзірленгенін жеткізді.
Оны жүзеге асырудың нәтижесінде ормандылық 9% артады деп күтіліп отыр, жыл сайын 1077 гектар орман отырғызылатын болады, орман тәлімбақтарын дамыту, елді мекендер айналасын жасыл желектендіру шаралары қабылданбақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір