• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:16:52
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Балайым Кесебаева «Nur Otan» партиясының өңірлік конференциясы аясындағы дебатқа қатыспақ. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында арнайы жазба жариялады.

Депутат «Nur Otan» праймеризінің бірінші деңгейіндегі пікірсайыстар партияның жаңа активі ашық пікірталасқа дайындығын көрсеткенін айта келе, саяси жұмыста диалог жүргізудің мұндай форматы белгілі бір дағдылар мен даярлықпен қатар үлкен тәжірибені талап ететінін де атап өтті.

Б.Кесебаеваның айтуынша,  партия активінің жаңа өкілдерінің күш-жігері мен жігерлігі олардың артықшылығы болып табылады. Дегенмен оларға қарсыласын сендіру, өз ұстанымын көпшілік алдында қорғау, қарсы тараптың кемшіліктері мен сәйкессіздіктерін табу мүмкіндігі жетіспейді.

«Менің заңгерлік көп жылғы жеке еңбек тәжірибемді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына қайта сайлануым тек Қызылорда облысының ғана емес, сондай-ақ құқықтық реттеуді, заңдылықты жетілдіру мен Қазақстан азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мәселелерін одан әрі ілгерілетуге мүмкіндік береді деп есептеймін», - деді депутат.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: «Nur Otan»

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір