• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 17:24:45
Алматы
+35°

10 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Фото: a1plus.am

Армения президенті Армен Саркисян Ресей мен Әзербайжанның Қарабахқа қатысты келісімі туралы БАҚ-тан білген, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Sputnik Арменияға сілтеме жасап.

Саркисян аталмыш мәселе бойынша ешқандай келіссөзге, талқылауға қатыспағанын айтады. Қарабах  ұлтаралық жағдай болғандықтан оған қатысты келіссөздердің барлығы бірге талқылануы қажет екенін жеткізді.

Саясаткер Қарабах тағдыры армяндардың ұлттық қызығушылығы мен келісімімен қабылдануы керек екенін айтады.

10 қарашада Арменияның премьер-министрі Никол Пашинян, Әзербайжан президенті Ильхам Алиев және Ресей президенті Владимир Путин Таулы Қарбахтағы соғысты тоқтату туралы шешім қабылдаған.

Таулы Қарабах қақтығыс 27 қыркүйекте шиеленіскен. Әзербайдан мен Армения үш рет оқ атуды тоқтату туралы келісімге келген, бірақ үшеуінде де келісім орындалмады.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір