• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 18:36:51
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы баспасөз қызметі

Тарихи ұлы тұлғалардың өз заманында халқының мүддесіне сәйкес саясат жүргізіп, халықтың мұң-мұқтажын, елдің бірлігі мен жер тұтастығын сақтау жолында өз өмірін құрбан жасауға дейін барулары бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отыр.  

Қазақ тарихындағы күрделі тұлғалардың бірі- кіші жүз ханы Әбілқайыр. Ол – ХVІІІ ғасырдағы қазақ даласында бірімен-бірі астасып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси процестердің жиынтық көрінісі ретіндегі аса ірі және күрделі тұлға.  Qamshy.kz

Әбілқайыр хан (Әбілқайыр Мұхамбет Ғази Баһадүр хан; 1693—1748) — 1718—1748 жж. батырлығымен, айлакерлігімен, шайқастарды ұйымдастыра білуімен даңқы шығып, мұрагерлік жолмен емес, өз беделімен Кіші жүздің ханы болды.Жошының он үшінші ұлы Тоқа Темірден тарайтын — Өсеке ұрпағы, Қажы сұлтанның баласы, Шыңғыс ханның он бесінші ұрпағы.  Qamshy.kz

Әбілқайыр хан жерленген Хан моласы қорымыАқтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Толыбай ауылынан шығысқа қарай 90 шақырым, Қабырға өзенінің Өлкейек өзеніне құяр сағасынан батысқа қарай 4 шақырым жерде.

Хан моласы қорымын 1771 жылы капитан Н.Рычков, 1832 жылы А.Левшин, 1835 жылы Д.Эристов, 1898 жылы И.Крафт, 1979 жылдан бастап С.Әжіғалиев басқарған экспедиция зерттеді. 1979-1987 жылдар аралығында Ә.Кекілбай, Ө.Жәнібеков, А. Сатаев, С.Әжіғали бастаған топтар зерттеп, аталған орын ғылыми айналымға енгізілді. 1998, 2001 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты этнография бөлімінің меңгерушісі С.Әжіғали бастаған ғалымдар тобы «Хан моласы» қорымының топографиялық картасын жасап, 1000-ға жуықбейіттер мен 40-тан аса құлпытастарды санап, өлшеп, эпиграфикасын зерттеді.

Әбілқайыр хан Қажысұлтанұлының (1693-1748 ж.ж.) тарихи тұлғасын анықтау жөніндегі ұзақ жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде «Хан моласы» қорымынан қазып алынған сүйектер байырғы орнына қайта жерленіп, қорымға 2011 жылы тас-белгі (обелиск) орнатылды. Сонымен қатар 2015 жылы қорымда ақ түсті граниттен жасалған биіктігі 25 м, ішкі бөлігіне қазақ халқының ру таңбалары қашалып салынған (жалпы саны 52)архитектуралық ескерткіш және кесене тұрғызылды.

Деректерде Әбілқайыр ханның қыпшақ дәстүрімен жерленгені айтылған. Яғни, қару-жарағы өзімен қоса көмілген. Қабір басына ханның ұлы Нұралы 12 терек еккен. Содан бір түп ақ тал ғана қалып, кейіннен найзағай түсіп жанып кеткен. Сол ақ талға хан жерленген жер деп кие тұтышулар ақтық байлайтын болған.

Әбілқайырдың жеке тағдыры сәтті болды. Он¬ың өмірлік серігі Бопай адал жар және қамқоршы ана болып қана қоймай, хандықты басқару ісінде таптырмас көмекші ретінде жанынан табылды. Оның балалары – Нұралы, Ералы, Айшуақ, Қожа-Ахмет, Шыңғыс ержүрек жауынгер болған, өз әкесінің лайықты мұрагерлері еді. Сонымен, Әбілқайыр хан қайғылы тарихи кезеңде қазақ жерлерінің Ресейге өту үдерісін бірінші болып бастады. Ол өзіне дейін Қазақ Хандығының Ресей мемлекетімен біртіндеп жақындасуын бастаған Тәуекел, Тәуке, Қайып хандардың әрекетін жалғастырып, тарихтың жаңа тізбегінде осы саяси бағытты аяқтады. Әрине, Әбілқайыр хан осыншалық мәнді де маңызды тағдырлық шешімнің кейініректегі салдарларын бағамдай алмағаны хақ. Дәл сол тұста оның мезеттік міндеті халықты аман сақтап қалу болды және оны іске асырды да. Әбілқайыр сол заманға лайық болды, тарихтың өзі оны жасады, ол қиын-қыстау кезеңде Отанын және Халқын құтқару жолында батыл қадам жасай білді.

 

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір