• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 19:47:57
Алматы
+35°

Президент, қарулы күштердің жоғарғы бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Қазақстан қарулы күштерінің негізгі даму бағыттары жөніндегі баяндамасын тыңдады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Ресмv сайттың мәліметінше, кездесу барысында Қазақстан армиясының инфрақұрылымы мен материалдық-техникалық базасын жетілдірудің перспективалары және әскерді ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттары, әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары сынды заманауи қару-жарақ түрлерімен жабдықтау мәселелері қарастырылған.

Қорғаныс министрі президентке халықаралық әскери ынтымақтастық пен бітімгершілік іс-қимылдардың ахуалы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ ол әскери қызметшілердің тұрмыстық және әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды сапалы киім-кешекпен қамтамасыз ету жұмыстары жөнінде айтты.

Жоғарғы бас қолбасшы талқыланған мәселелердің өзектілігін ескере отырып, Қорғаныс министрлігінің әскери алқа отырысын ұйымдастыруға тапсырма берді. Жиында 2020 жылғы әскери дайындықтың қорытындылары жасалып, алдағы кезеңде атқарылатын міндеттер айқындалады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір