• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:19:29
Алматы
+35°

Әлеуметтік желілерде Таулы Қарабахтағы қақтығыста жараланған Әзербайжан сарбазы ота кезінде "Джан Карабах!" әнін шырқап жатқан видео тарады, деп хабарлады Trend сайты.

Сайттың мәліметінше, видеодағы сарбаз майданға өз еркімен аттанған, халық әндерін орындаушы, Әзербайжан мемлекеттік академиялық музыкалық театрының солисі Мабуд Ахмедов. Ол сондай-ақ "Үчүмүз" ATV тележобасының бек-вокалисті.

Таулы Қарабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған болатын. Тараптар жанжалдың басталу себебін бір-бірінен көреді. Армян және әзербайжан күштері арасындағы ұрыс бірнеше фронтта жүрді. Ұрыста дрондар, артиллерия, ауыр техника мен ракеталық кешендер қолданылды. Екі жақтан да бейбіт тұрғындар опат болған.

10 қазанда Армения мен Әзербайжан гуманитарлық мақсатта Таулы Қарабахтағы атысты тоқтатуға келіскен. Алайда тараптар әлі де әлсін-әлсін қарулы күш қолдануда.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір