• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:05:42
Алматы
+35°

Коронавирус өршіген жаздағы жағдайдан кейін Солтүстік Қазақстан облысында  мәйітханаларға мұздатқыш техника сатып алынып жатыр. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Құмар Құсемісов хабарлады.

– Қазіргі уақытта мәйітханалар мұздатқыш жабдықтар сатып алып, алаңдарын үлкейтуде. Мәйітханалар шын мәнінде мұндай жағдайға (Коронавирус өршіген жаздағы жағдайға - ред.) дайын емес еді, – деді басқарма басшысының орынбасары брифинг барысында.

Оның сөзінше, бүгінде мәйітханалар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Алайда ол жерде неше мәйіт қабылдай алатынын нақты айту үшін әділет министрлігіне қарасты сот-медициналық органға жүгіну керек. Бұл мәселе денсаулық сақтау министрлігінің құзырына кірмейді.

Дереккөз: Kaztag

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір