• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 14:12:24
Алматы
+35°

04 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Ұядан ұшқан күн: Қияға емес, тозаққа қонған қыздың әңгімесі

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Жанна есімді қазақстандық әйелдің Сирияда екі баласымен бастан өткерген оқиғасы туралы айтып берді 

Фото: yandex.ru

Tengrinews.kz сайты Сириядан Қазақстанға қайтарылған әйелдің өмірін баяндады. Өзгелерге сабақ болады деген үмітпен мақаланың қазақ тіліндегі нұсқасын назарларыңызға ұсынамыз. 

Жанна болашақ жарымен ЖОО-да танысты. Мұрат бірден Жаннаға басына орамал салуға үгіттейді. Жанна уақыт өте келе киіну стилін өзгертеді. Жаннаның ата-анасы бұны құп көрмейді. Оның үстіне қыздарының Мұраттың айтқандарын бұлжытпай орындайтынын жақтыртпайды. Әкесі Жаннаны Мұратпен қарым-қатынасты тоқтатуға үгіттегенімен нәтиже шықпайды. Жанна көп ұзамай Мұратқа тұрмысқа шықты. 

Отбасылық өмірдің бірінші күні-ақ Мұрат әйелінен мемлекеттік жұмыстан шығып, қара киім киюін талап етеді. Шариғат бойынша өмір сүрмейтін ата-анасымен араласуға тыйым салды. Өзі күні бойы "бауырларымен" пәтерде шейхтердің лекциясын тыңдап, үйге ашуланып келетін болған. Жанна үшін бес жылға созылған отбасылық өмір психологиялық және қаржылық қиындыққа толы болды.

Қаржының тапшылығы, баспананың жоқтығы, өркениетті елдің өмір салтынан мезі болған Мұрат Сирияға кетуді ұйғарады. Жаннаның ата-анасы қызын елде қалдыра алмады. Әйел адам күйеуінің артынан еріп жүруі керек деген принципті ұстанған Жанна ата-анасының көз жасына қарамастан екі баласын алып Мұраттың артынан еріп кетеді. Олар бірінші Түркия мен Сирияның шекарасына жетеді. Бір айдан кейін Сирияның нағыз соғыс майданына айналған Идлиб қаласына жол тартады.

Жанна кішкентай екі баласымен су, жарық, жылу, тамақ, дәрі-дәрімек жоқ, снарядпен төбесі тесілген үйде тұруға мәжбүр болған.

Мұрат ДАИШ-қа қаржы табу мақсатында Қырғызстанға барып, банкты тонауға тырысқан. Өзін мұсылман деп атаған адамдардың бір-бірін өлтіріп, әйелдер бір еркектің қолынан екіншісіне өтіп содырлардың қолжаулығына айналған. Ал отбасылар өз еркімен елдеріне қайта алмай қиналған. Мұның бәрін көргеннен кейін Жанна үшін күйеуі айтқан таза, кіршіксіз әлем көз алдында құбыжыққа айналды.

Жанна жолсерікке жалынып көмек сұрап екі баласымен заңсыз шекарадан өтеді. Ол кезде Жанна үшінші баласына аяғы ауыр болатын. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көмегімен Жанна балаларымен Қазақстанға қайтарылды.

Қазақстанда тыйым салынған ұйымда болғаны үшін Жанна 5 жылға сотталды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерінің айтуынша, Жаннаның психологиялық жағдайын жақсарту оңайға соқпады. Сирияда оның санасына әбден сіңіп қалған түсініктерден арылту үшін көп жұмыс атқарылды.

Психологтар, дінтанушылар, Жаннаның отбасы оның уланған діни көзқарасын өзгерту үшін барын салды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері Жаннаның өзгергенін, қазір әлемге басқа көзбен қарайтынын айтады. Үш жылдан кейін Жаннаны мерзімінен бұрын босату туралы өтініші қанағаттандырылды.

Мамандардың арқасында Жанна өзіне сенімсіз, ұяң әйелден болашаққа нақты жоспары бар, деструктивті ойдан ада адамға айналды.

Жанна қазір балаларын махаббатқа бөлеп жүрген қамқор ана. Үш жыл бойы бауыр еті балаларын қараған ата-анасына ризашылығы зор.

Жанна өткен өміріндегі келеңсіздектерді сынақ ретінде қабылдап, одан қорытынды шығара білді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ДАИШ Сирия ҰҚК

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір