• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:18:06
Алматы
+35°

Фото: Бақытжан Сағынтаевтың instagram парақшасынан

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапары барысында биыл абаттандыру жұмыстары жүріп жатқан ауданның бірқатар қоғамдық кеңістіктерінде болды.

Қала әкімі Б. Сағынтаев Instagram парақшасында жаңарған аулалар мен жаяу жүргінші аймақтары қоғамдық кеңістікті нұрландыра түскенін атап өтті.

"Ауданға жасаған жұмыс сапары кезінде аумақтарды өзгертуге кешенді түрде қарап, шаң-тозаң болмау үшін барлық бос учаскелерді барынша көгалдандыруды тапсырдым. Биыл ауданда 205 аула, 9 сквер жөнделіп, 5 бос учаске, 2 жағалау аймағы абаттандырылды. №10 ықшамаудандағы жаяу жүргіншілер аймағы жөнделуде" деп жазды Алматы әкімі.

Абаттандырылған аулалар

Б. Сағынтаев бұл жұмыстардың барлығы тұрғындармен өткен есеп беру кездесулерінде айтылған өтініштер бойынша жасалғанын атап өтті.

Абаттандырылған аудандар. Қоғамдық кітапхана

"Адамдардың көңіл-күйлерінің қалай жақсарып жатқанын байқау қиын емес. Ықшамаудандар өмір сүруге ыңғайлы болып түрленуде. Ыңғайлы орындықтар, үстел ойындарына арналған үстелдер, балалар алаңдары тұрғындарға ұзақ қызмет етері сөзсіз" деп атап өткен Б. Сағынтаев қала тұрғындары бұрынғыша өздері тұратын жерді абаттандырып, гүлдер мен ағаштар отырғызуды қолға алса деген ұсынысын білдірді.

"Тәртіп сақтап, балаларымызға қаламызға ұқыпты қараудың үлгісін көрсетейік" деді мегаполис әкімі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір