• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:27:43
Алматы
+35°

Фото: Ақтөбе облысы баспасөз қызметі

Сейсенбі, 3- қараша күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин “Орталық стадионда” болып, “Ақтөбе” ФК ойыншыларымен кездесті. 2020 жылы өткен футболдан ҚР-ның Бірінші лигасында чемпион атанған команда ойыншыларын жеңістерімен құттықтады. qamshy.kz

“ Өздеріңізге белгілі өткен жылы команда үшін ауыр болды. Дегенмен, футбол сүйер қауымның ыстық ықыласы мен жанкүйерлердің қолдауының ерекше екенін ескере отырып, атқарушы орган ретінде команданы сақтап қалуға бар күшімізді салдық. Қолымыздан келгенше қаржыландыру, ұйымдастыру мәселелерін шешуге ат салыстық. Алдағы уақытта көптеген жеңістермен қуантатын күндер көп болады деп сенемін”,- деді Оңдасын Оразалин. qamshy.kz

Аймақ басшысы “Ақтөбе” командасының ойыншыларына чемпиондық медальдарды табыстады. qamshy.kz

«Ақтөбе» ФК басқарма төрағасы Артур Смағұлов, бас жаттықтырушының м.а Владимир Зеленовский облыс басшысына көрсеткен қолдаулары үшін алғыс білдірді. 

“Сіздің қолдауыңызбен команда еңсесін тік көтере бастады. Салықтық басқа да берешектерден түгел құтылдық. Одан бөлек “ Орталық стадион” команданың сенімгерлік басқаруына өтіп, облыстық балалар мен жасөспірімдер мектебі жаңартылды. Спортқа қажетті құралдармен жабдықталды”,- деді Артур Смағұлов. qamshy.kz

Бұдан соң команда капитаны облыс әкіміне футболшылардың қолы қойылған допты естелікке сыйға тартты. Айтып өтейік “ Ақтөбе” ФК 60% жергілікті ойыншылардан құралған. qamshy.kz

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір