• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 02:28:53
Алматы
+35°

COVID-19-дың таралуын тежеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның төрағасы, премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында облыста 9 қарашадан бастап жаңа шектеу шаралары енгізілетіні хабарланды.

Петропавл қаласында қаланың периметрі бойынша блокпосттар орната отырып карантин енгізу көзделуде. Сондай-ақ күн сайынғы індет бойынша өсім 10-нан астам жағдайды құрайтын елді мекендерде санитарлық блокпосттар орнатылмақ.

Петропавл-Алматы бағыты бойынша теміржол тасымалдарын аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқарту, Петропавл қаласынан шығатын әуе жолаушылары үшін теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасының (берілген сәттен бастап 3 тәуліктен аспайтын) болуын міндеттеу, діни объектілердің, театрлардың, кинотеатрлардың, мәдениет объектілерінің қызметін тоқтату жоспарланған.

Жұмыс күндері қоғамдық тамақтандыру объектілері бір мезгілде 30-дан аспайтын келушілерді қабылдай алады. 30-дан кем орынды объектілер үшін орынның 50%-ы ғана толуға тиіс.

Демалыс күндері қоғамдық тамақтану объектілерінде жеткізу қызметі ғана істейді. Сауда үйлері, сауда орталықтары, ауданы 500 шаршы метрден асатын азық-түліктік емес дүкендер жұмысы шектеледі. Сұлулық салондарының, шаштараздардың, бассейндердің, фитнес-клубтардың, жаттығу залдарының жұмыстары тоқтайды.

Әуежайларға, темір жол вокзалдарына күтіп алатын және шығарып салатын тұлғаларға кіруге тыйым салынады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір