• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:24:10
Алматы
+35°

03 Қараша, 2020 Барлық аймақтар

Вакцинаның жасалу процесін енді қарапайым халық та көре алады

Видеода ғалымдар адамдар тікелей сұрақ қоюға болатынын және оған жауап беруге әзір екенін жеткізді.

Фото: AFP/Carl De Souza

Коронавирусқа қарсы вацина жасап жатқан ғалымдар жұмыс процессін #TeamHalo хэштегімен TikTok, Twitter және Instagram-да жариялады. Әлеуметтік желідегі видеодан ғалымдардың күнделікті жұмысымен танысуға болады. Олардың басты мақсаты – халық көкейінде жүрген сауалдарға жауап беру.

Ғалымдардың бірінің айтуынша, жұмыс орны олар үшін тек зертхана емес, шығармашылық орны да. Ғалымдардың бұл әрекеті арқылы тағы бір көздейтіні – халықты коронавирус туралы жалған ақпараттың таралуын алдын алу. Себебі аталмыш індетпен күресіп жүрген ғалымдардан тілкелей ақпарат алу арқылы халық тексерілген және дұрыс ақпарат ала алады. Олардың айтуынша, адамдар «Вакцина  денсаулыққа зиян емес пе?», «Оның салдары қандай болуы мүмкін?» деген секілді сұрақтарды көп қояды.

Видеода ғалымдар халықтан тікелей сұрақ қоюға болатынын және оған жауап беруге әзір екенін жеткізді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір