• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:48:39
Алматы
+35°

Kotsnews telegram арнасы Таулы Қарабахтағы қақтығыс кезінде "Армения қарулы күштері сириялық әскери жауынгерді тұтқынға алды" делінген видео таратты.

Sputnik Armenian сайтының мәліметінше, тұтқынға алынған Юсуф Алаабета аль-Хаджи Сириядан келген әскери жауынгер.

Басылымның жазуынша, Түркия Сирияның солтүстігінен Әзербайжанға Арменияға қарсы қолдану үшін жендеттер жеткізген. Sputnik Armenian бұл деректі армениялық баспасөз ғана емес, халықаралық БАҚ пен халықаралық құқыққорғаушылар, Сирия, Франция, Ресей, АҚШ билігінің өкілдері де растап отырғанын жазды. Франция мен Ресей Қарабах конфликтіндегі әскери қимылдарға Сириялық әскерилердің жұмылдырылғанына алаңдаушылық білдірген.
 

 

Таулы Карабақтағы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған болатын. Тараптар жанжалдың басталу себебін бір-бірінен көреді. Армян және әзербайжан күштері арасындағы ұрыс бірнеше фронтта жүрді. Ұрыста дрондар, артиллерия, ауыр техника мен ракеталық кешендер қолданылды. Екі жақтан да бейбіт тұрғындар опат болған.

10 қазанда Армения мен Әзербайжан гуманитарлық мақсатта Таулы Карабахтағы атысты тоқтатуға келіскен.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: армения әзербайжан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір