• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 01:42:22
Алматы
+35°

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы карантинге алынды. Бұл туралы британиялық The Guardian басылымы хабарлады.

Еуропада коронавирус тез тарала бастаған кезде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебресиесус жексенбіге қараған түні Twitter арқылы хабарлама жасады. Ол өзін оқшаулағанын мәлімдеді, бірақ өзінде ешқандай ауру белгілері жоқ екенін баса айтты.

"Мен COVID-19-ға оң нәтиже берген адаммен жақын байланыста болған адам деп танылдым... Мен өзімді жақсы сезінемін, бірақ жақын күндері @WHO хаттамаларына сәйкес өзіме карантин жариялап, үйде жұмыс істеймін" деді Тедрос твиттерінде.

Джон Хопкинс Университетінің мәліметтері бойынша коронавирус Қытайда өткен жылдың аяғында пайда болғаннан бері 1,2 миллион адамның өмірін жалмаған және әлемде 46 миллионнан астам адам вирусты жұқтырған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір