• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 11:24:08
Алматы
+35°

Франция президенті Эммануэль Макрон "Түркия НАТО-дағы одақтастарына сындарлы позиция ұстанды" деп мәлімдеп, Стамбұлдың "аймақтық империялық пиғылы" бар екенін айтып айыптады. 

Сенбі күні Әл-Жазираға берген сұхбатында Макрон Түркияның Сириядағы, Ливиядағы және Жерорта теңізіндегі әрекеттерін айыптап "Түркия өзінің НАТО-дағы одақтастарына қатал қарайды" деді.

Ол сондай-ақ француз мектебінің мұғалімі Самуэль Патини өлтірілгеннен кейін әлемдегі мұсылмандармен өршіп тұрған шиеленісті басуға тырысты.

Макрон Франция жағдайдың "тынышталуын" қалайтынын жеткізді, бірақ бұл үшін "Түркия президентінің Францияны құрметтеуі, Еуропалық Одақты құрметтеуі, оның құндылықтарын құрметтеуі, өтірік айтпауы және балағаттамауы маңызды екенін айтты.

Француз президенті Түркияның аймақтық империялық пиғыл бар деп ойлайтынын жеткізген.

– Мен Түркияның аймақта империялық пиғылы бар екенін ескертемін және менің ойымша, бұл империялық бейімділік аймақ тұрақтылығы үшін жақсы нәрсе емес, – деді Макрон .

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Франция

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір