• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:37:03
Алматы
+35°

31 қазан, сенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин абаттандару жұмыстары мен жолдардың жөнделу қарқынын бақылау мақсатында бірқатар нысандарды аралады.  qamshyАймақ басшысы Қаратаев көшесі бойына жаңадан салынған балалар ойын алаңы, футбол алаңы, спортпен айналысуға арналған турник алаңдарының сапасын қарады. Жалпы нысандарды салуға 11 млн тг қаржы бөлінген. Бұдан соң Әбубәкір Кердері, Жеңіс даңғылын жаяу аралаған облыс әкімі екі қабатты тұрғын үйлердің көнерген шатырларын алдағы жылы ауыстыру мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін айтты. Қала әкіміне Жеңіс даңғылы бойына орналастырылғын темір қоршауларды алу жөнінде тапсырма берді. qamshy.kz

«Келешекте металл қоршауларды түгел алып , «Кедергісіз қала» бағдарламасын жүйелі іске асыру қажет. Себебі, заман талабына сай қала іші кең әрі жаяу жүргіншілерге қолайлы болуы керек. Керсінше, көгалды желектердің санын арттыру қолға алынсын»-деді Оңдасын Оразалин.  qamshy.kz

Өңір басшысы Махамбетов, Қаратаев, Грешина, Береговая, Жиенбаев көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарымен танысып, Парковая, Мира, Қаратаев, Махамбет көшелерінің жөндеуін қараша айында аяқтауға уақыт берді.  qamshy.kzОңдасын Оразалин «Сельмаш» ауданы Арынов көшесіндегі көпірдің құрылысын бақылады. Аяқталған жобаға полиция қызметкерлері тарапынан бірқатар талаптар қойылған. Облыс әкімі жол ережелері белгілеріне байланысты кемшіліктерді қалыпқа келтіріп, көпірді тез арада пайалануға беруді тапсырды. Көлемі 696 м болатын көпірдің жөндеуіне 2,7 млрд. тг қаралған болатын. qamshy.kz

Өңір басшысы бұдан соң «Шағала» Ақтөбе облыстық балалар сүйек өкпе туберкулезі санаториясында болды. Пандемияның екінші толқыны орын ала қалған жағдайда дайындық шараларының барысын қарады. Мекеме материалдық техникалық базалармен толық жабдықталған. 150 орын әзірленіп, 11 дана жасанды ауа беру аппараты мен 44 дана кислородты концентрация жеткізілген. Одан өзге АҚШ, Ресей, Қытай, Украина, Португаля мемлекеттерінен келген гуманитарлық көмектер қоймада артығымен сақтаулы. qamshy.kzqamshy.kz

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір