Францияның оңтүстігінде белгісіз біреу пышақпен адамдарға шабуыл жасаған деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі euronews.com-ға сілтеме жасап. Шабуыл салдарынан екі адам қайтыс болды, бірнеше адам жараланды. Ницца мэрі Кристиан Эстрози бұны террорлық шабуыл деп атады.

Полицияның таратқан мәліметіне сәйкес, қылмыскер  ер мен әйелді шіркеудің ішінде өлтіріп, тағы бір адамды ауыр жарақаттаған. 

Шабуыл Франция уақытымен сағат таңғы 9-да, халық көп жүретін көшеде жасалған. Франция президенті Эммануэль Макрон оқиға орнына аттанды.

Францияның терроризмге қарсы департаменті істің мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмысын бастап кетті.

Айта кетейік, 2016 жылы да Ниццада террорлық шабуыл жасалған. Лаңкес отшашуды көруге келген қала тұрғындарын жүк көлігімен басып өткен. Салдарынан 80 адам қайтыс болды, 500 адам жарақаттанды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір