• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 03:39:24
Алматы
+35°

Қазақстанның мемлекеттік бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізілді. Бұл туралы бас санитар дәрігер Ерлан Қиясов хабарлады.

"Қазақстанға келген азаматтар, ел аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтама болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшаулауға жатады.

COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін теріс нәтижесі бар адамдарға осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі" делінген хабарламада.

Сондай-ақ ол коронавирус жұқтырып келген науқастар инфекциялық стационарға жатқылатынын айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір