• USD 426.81

  • EUR 517

  • RUB 5.91

  • CNY 66.72

15 Маусым, 17:59:49
Алматы
+24°

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде қылмыстың өршуіне және түрме «тәртібінің» таралуына мүлде жол бермеу қажеттігін ескертті. Бұл туралы Ақорда сайты мәлімдеді.

– Елдегі күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қылмыстың өршуіне және түрме "тәртібінің" таралуына мүлде жол беруге болмайды. Ондағы жағдайдың аса мәз емес екені мәлім. Бас бостандығынан айырмай жазалауға қатысты түйткілдер бар. Министрлік қылмыстық-атқару жүйесіндегі мәселелерді шешу бойынша нәтижелі жұмыстар көрсетуі керек, – деді ол.

Президент тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, заңға сәйкес, азаматтарға және жалпы мемлекетке қауіп келтірмейтін қылмыс жасаған адамдарға амнистия жасалатынын жеткізді.

Сондай-ақ Тоқаев Үкіметке елордалық полиция департаментіне жаңа ғимарат салу мәселесін тапсырды.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір