• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:06:13
Алматы
+35°

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында неліктен бірқатар университеттердің лицензиясын қайтарып алып жатқанын түсіндірді. 

– Президент осы бастаманы айтты, тапсырма берді. Бұл президенттің шешімі, енді біз бұл тапсырманы тиісті деңгейде орындауымыз керек. Әрине, бұл оңай шаруа емес. Қоғамда барлығы түсінетін сияқты. Бірақ нақты бір университетке келгенде кеше ғана түсініп жүрген адамдар "мүмкін осы университетті жаппай-ақ қоямыз" дейді. Ертең балаң ауырып, оны ауруханаға апарсаң дұрыс емес білім алған маман отырса, кесірі кімге тиеді ? Егер де балаңды мектепке, балабақшаға берсең, сатып алған дипломмен, оқымаған мамандар отырса, ол өзіне тиеді ғой. Соны қалай ойламайды деп таңқаламын. Мұның бәрі мемлекетіміздің әлеуеті, экономикасы дамуы үшін өте маңызды шешім. Сондықтан бұл универсиеттерге қанша жерден қиын, жағымсыз болса да біз орындауымыз керек. 

Біз ең бірінші Шымкенттегі университетті жаптық. Онда 35 мың студент оқиды. Біздің ұлттық ҚазҰУ, ЕНУ-да мұндай сан жоқ. Бұл универсиеттет жабылғанда қаншама млрд-тардан айырылғанын білесіздер. Қазір сотта 10-нан астам университетті жабу бойынша өтініштер жатыр. Маған көбісі айтады: "Универсиеттерді жабу абырой беретін жұмыс емес, мұны қайтесің" деп. Біз бір дүниені түсінуіміз керек. Білім сапасы мемлекетіміздің дамуына тікелей байланысты. Сондықтан қандай қиын, абырой бермейтін жұмыс болса да мұны істеу керек. 

Қазір қоғамның көзі ашық. Қай университет сапалы, сапасыз білім беріп жатқанын біледі. Университеттерді жапқанда алдын-ала 3-4 ай бұрын ақпарат шықты. Сол кезде бірде-бір студент кетпейді. Студенттер, ата-аналар тарапынан құжаттарымды қайтып алайын деген қозғалыс жоқ. Бұл универсиетке барғанда студенттер білім аламын деп емес, қағаз аламын деп барады. Бұл өте қиын мәселе. 2021 жылдан бастап жаңа норма енетін болады. Биылғы жылдан бастап мемлекеттік диплом болмайды. Әр университет өзінің дипломын береді. 

Азаматтарымыз түсінуі керек. Диплом, қағаз – ешкімге керек емес, керегі – білім. Білім үшін баратын болса, басқаша болады. Біз кейбір университеттерді шаңсорғыш дейміз. Өйткені сапалы білім беретін университеттер оқудан шығарып тастайды. Ал, шаңсорғыш университеттер оның бәрін теріп алып, нарықтан оқи алмай шығып кеткен балалардың бәрін жинап алып өзінің дипломын береді. Олар бойынша біз тиісті шешім қабылдап, назарда ұстаудамыз, – деді министр Асхат Аймағамбетов. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір