• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 09:45:17
Алматы
+35°

Алматының мемлекеттік бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгіннен бастап қалада кинотеатрлардың ашылатынын мәлімдеді. Бұл туралы ол онлайн брифингте айтты.

– Осы жылдың 26 қазанынан бастап кинотеатрлардың қызметіне рұқсат етілді. Ол үшін Infokazakhstan.kz порталында тіркелу керек, кино залдарындағы адам саны барлық орындардың 30 пайызынан аспауы қажет. Маска режимін, әлеуметтік қашықтық сақтау міндетті. Кинотеатрлар Қазақстан бас санитар дәрігерінің №57 қаулысының талаптарын сақтауға міндетті, – дейді Бекшин.

Сондай-ақ бүгіннен бастап Атырау мен Ақтау қалаларында кинотеатрлардың ашылғаны хабарланған. Екі қалада кинотеатрларға санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарды сақтай отырып жұмыс істеуге ресми түрде рұқсат етілді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір