• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 01:28:02
Алматы
+35°

Қазақстанның тұрақты эпидемиологиялық ахуалы бар аймақтарында кинотеатрлар жұмысын қайта бастады. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

– 26 қазаннан бастап арақашықтық пен маска режимін сақтай отырып, адам санын 30 пайыздан асырмайтын кинотеатрлардың жұмысы қайта басталсын, –  делінген ведомствоаралық комиссия хабарламасында.

Бұған дейін кинотеатрлардың алғашқы күні көрермендерге "Любовь на миллион" комедиясы көрсетілетіні хабарланған. Сондай-ақ "Пышка" (продюсер Баян Мақсатқызы), "Семейные страсти" (продюсер Алмат Шадмат) және "Жаным, ты не поверишь" (продюсер Жандос Айбасов) комедиялары экранға оралады.

Сонымен қатар көрермендер режиссер Ники Кароның "Мулан" драмасын және Кристофер Ноланның "Аргумент" экшн-фильмін көреді.

2 қарашада "Базар жоқ, Мексика" комедиясының премьерасы жоспарланып отыр.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Кинотеатр карантин

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір