• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:33:01
Алматы
+35°

Шымкент қаласы және Қарағанды, Ақмола облыстарында карантин режимі күшейтілді. Бұл туралы облыстардың бас санитар дәрігерлері мәлімдеді.

Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Тулебаев карантинді күшейтуге қатысты қаулы шығарды.

Бас санитар дәрігер карантиндік шектеулерді 2020 жылдың 9 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Қаулының толық нұсқасы мына жерде.

Сондай-ақ Ақмола облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Айнагүл Мусина да карантинді күшейтуге қатысты қаулы шығарды.

Бас санитар дәрігер 23:00-ден 6:00-ге дейінгі аралықта облыс аумағындағы елді-мекен тұрғындарының қозғалысын шектеу туралы қаулы шығарды.

Аталған қаулы бойынша тек әкімдік пен полиция, жедел жәрдем мен төтенше жағдайлар қызметі, ауруханалар, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер, өрт сөндіру, әскери қызметшілер, сондай-ақ стратегиялық нысандар мен тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын күтіп-ұстауды қамтамасыз ететін жұмысшылар жүріп тұруына рұқсат етіледі.

Қаулыға сәйкес: 

  • 65 жастан асқан азаматтардың далаға шығуына шектеу енгізілді; түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін коменданттық сағат енгізілді (өңірдің көшелерінде жүру);
  • Әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану;
  • саябақ, скверлерде 3 адамнан артық топ болып жүруге болмайды;
  • Жерлеу іс-шараларында кемінде 2 метр арақашықтықты сақтай отырып, 30 адамнан аспау;
  • Отбасылық естеліктер, банкеттер, үйлену тойлары және адамдар көп жиналатын шараларды өткңзуге тыйым салынады.

Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде.

Ал Қарағанды ​​облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Юрий Залыгин карантин талаптарына өзгерістер енгізді.

Жаңа қаулы бойынша қаладағы сауда үйлері мен сауда орталықтарына демалыс күндері 17:00-ге дейін жұмыс істеуіне рұқсат етілді.

Қаулыға сайкес көрінетін және қолжетімді жерлерде тері антисептигі бар санитайзерлерді кіреберіске, сауда залдарының холлдарына, дәліздерге әрбір 50-100м сайын, лифтілерге орнатыады.

Сондай-ақ сенбі күндері азық-түлік және азық-түліктік емес жабық базарлардың жұмыс істеуіне де рұқсат етіледі.

Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде.

Оқи отырыңыз: Қазақстанның бірнеше облысында карантин күшейтілген болатын

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір