• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:39:53
Алматы
+35°
Алматы қаласы полиция департаментінің сапына 350-ден астам қоғамдық көмекші қабылданды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді. 
 
Қалалық ішкі істер бөлімі басшылығының төрағалығымен өткен жиында полицияның қоғамдық көмекшілерімен кездесу өткізілген.
 
"350-ден астам алматылық полицияның қоғамдық көмекшісі болуға ниет білдірді. Олардың ішінде полиция ардагерлері, зейнеткерлер, белсенді азаматтар, студенттер бар. Олардың барлығы қала аумағында тәртіпті сақтау үшін қосымша күштер" деді департамент басшысы facebook парақшасында.
 
Кездесу барысында оларға жұмыс формасы мен әдістерінің міндеттері айтылып, полиция қызметкерлерінің ерікті көмекшілеріне куәліктер мен жетондар табысталды.
 
"Полиция қызметкерлерінің қоғамдық көмекшілері, егер олардың куәлігі болса, әртүрлі ЖАШ-на көмек көрсетуге қатыса алады, қоғамдық тәртіпті бұзу туралы ескертеді, сондай-ақ, олар, анықтаған заңдылық пен тәртіпті бұзушылықтар туралы ақпаратты жібере алады" деп атап өтті Қанат Таймерденов.
 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір