• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 02:51:48
Алматы
+35°
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі отырысында мемлекет басшысы ұлттық және мемлекеттік жоғары оқу орындарын тек мемлекет меншігінде қалдыру туралы тапсырма берді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жариялады.
 
Қазіргі уақытта мемлекеттік жоғары оқу орындары коммерциялық емес акционерлік қоғамға айналды. Құрылымның өзгеруінен кейін ел ішінде сол университеттердің жекеменшікке сатылуы мүмкін деген күдік пайда болды.
 
– Президент мемлекеттік жоғары оқу орындарының сатылмайтыны туралы нақты айтты. Бұл – өте маңызды. Себебі сол ЖОО-ларда еліміздегі студенттердің 40%-ы оқиды және 35 мыңнан астам оқытушы мен қызметкер жұмыс істейді. Олардың басым бөлігі XX ғасырдың 30-40 жылдары құрылды және тарихи тұрғыдан да еліміздің басты салалық жоғары оқу орындары болып табылады, – дейді Аймағамбетов.
 
Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарының 50%-ы жекеменшік. Ал бұл өз кезегінде мемлекеттік ЖОО-ны жекешелендіру отандық білім беру жүйесінің, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметінің тұтастығына орны толмас зиян келтіріп, университеттердің мүліктік кешенінің бұзылуына да себеп болуы мүмкін екені айтылды.
 
– Осылайша, президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік университеттер коммерциялық емес акционерлік қоғамдар формасына ауысқанымен жекешелендірілмейді және мемлекет меншігінде қалады. Бұл ретте олар академиялық тұрғыда әлдеқайда еркін және қоғам алдында есеп беріп, барынша ашық жұмыс істей алады, – деді министр.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Аймағамбетов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір