• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 12:28:12
Алматы
+35°

Қазақстан фермерлер Одағы қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев ауыл шаруашылығындағы бірқатар мәселелерге тоқталды. Бұл туралы ол парламенті сенатының парламенттік тыңдауы барысында айтты. 

– Қазақстан бойынша 230 мыңға жуық түрлі агроқұрылым бар. Оның басым көпшілігі ұсақ шаруашылықтар. Республика бойынша өндірілетін өнімнің 85 пайызын солар беріп отыр. Бүкіл елді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етуде. Қазіргі кезде ауыл адамдары бай деңгейде өмір сүріп жатқан жоқ. Ауыл – қазақ елінің түп-тамыры. Сол тамыр жойылса, бұл – елдің әсіреу деңгейі деген сөз. Бұл сөздер текке айтылып отырған жоқ. Бүгінгі ащы шындық. Сол шындықты ашық айтайын. Қыркүйек айының басынан бастап ауыл жолдарының мүлдем жарамсыздығына қарамастан автокөлікпен 10 мың километрден астам жол жүріп еліміздің 8 аймағын аралап, 70-тен астам фермер шаруашылығына бардым. Бұл сапардағы мақсатым – фермерлерді аралап, жұмыс барысын көріп, мұң-мұқтажын білу болды. Жер жердегі атқарушы билікті мақтау немесе даттау ойымда болмады. Шаруалардың жай күйіне назар аударту арқылы оларға деген қоғамның көзқарасын өзгерту. Сапар барысында фермерлердің өз аузынан шыққан ауылдың негізгі проблемалары мен оларды шешу жолдарын өз ойыммен ортаға салайын, – дейді ол.

Фермерлер одағы қауымдастығының төрағасы ауылдың негізгі проблемаларына жеке-жеке тоқталып өтті.

– Бірінші, ауылдың жолдары. Жол инфрақұрылымын дамытпаса, маңдай терін төгіп жасаған өнімдер фермер үшін де, тұтынушыға да зиян. Жолдардың жағдайын өз көздерімен көру үшін атқарушы билік өкілдері сол жолдармен барлық бағыттарда көліктерімен жүріп өткендері жөн. Жол проблемасын шешу үшін шұғыл шаралар қабылдау қажет. Ауыл жолдары деген нысаналы мемлекеттік бағдарлама қабылдап, 3-5 жыл ішінде ауылдық аймақтарды жолмен қамтамасыз ету қажет. Екінші, ауылдардың тозып тарауы. Жол болмаған соң ондай ауылдарда тұрақтамайды. Көзбен көрген ауылдардың іші соғыстан кейінгідей. Әсіресе солтүстік өңірлер мен Ақтөбе облысында қатты байқалады. Мұндай ауылдарда жастар қалай тұрады? Үшіншіден, ауыл шарушылық өндірісін қаржыландыру. Шаруаларға ұзақ мерзімді 10-15 жылға проценті төмен 1-2 пайыздан аспайтын несие беру керек. Субсидиялау жүйесін жетілдіру қажет. Фермерлер қолдау жүйесін қолданғаны үшін қыруар ақша төлейді. Ол шаруаларды қолдау үшін арнайы жасалған жүйе неліктен шаруалардың есебінен ақша табу керек екені түсініксіз. Ақпараттық есеп орталығы акционерлік қоғамы 100 пайыз үкіметтікі болса, қызметі де тегін болу керек. Төртіншіден, ауыл шаруашылығымен айналысатын әртүрлі саладағы мамандар тапшы. Аграном, мал дәрігері, механизатор атты ауыл шаруашылығына аса қажет мамандықтарға оқыту белгісіз себептермен ұмыт қалды. Бұрынғы кәсіптік техникалық мекемелер жаңа замануи талапқа сай жандандыру қажет. Жергілікті фермерлерге малшыларды бақылау үшін, бағалау үшін ЖОО-да және басқа да оқу орындарында арнайы жеңілдіктер енгізу қажет. Осынау мәселелерде білім министрлігі мен ауыл шаруашылық министрлігі тез арада шешуді қолға алса. Ауылдың инфрақұрылымдық әлеуметтік жағдайын жасап, қолжетімді әлеуметтік үйлерде ауылдарда салу қажет. Керек болса ауылға жастарды тарту үшін салынған үйлерді тегін беру керек. Бесінші, кооперация мәселесі. Жамбыл облысында тұрғындардың тұрмыстық табысын арттыру бойынша іске асып жатқан пилоттық жоба басқа өңірлер үшін үлгі боларлық. Кооперативтік қозғалысты дамыту, әсіресе жеке қосалқы шаршылықтарды кооперациясы мәселесі бұрын көтерілді. Өкінішке қарай бұл қадамдардың барлығы осы уақытқа дейін нәтижесіз қалуда. Бұл ретте кооперация құрып жайылымдар мен шабындық жерлерді фермерлерге берсе, елде еттің және сүттің көлемі артып, экспорттың әлеуеті артады, – деп атап айтты ол.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір