• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 09:32:06
Алматы
+35°

Бүгін, көптен күткен Дүниежүзі Қазақтарының қауымдастығының кезекті онлайн режимде, Отандастар қоры, ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, сондай-ақ, Өзбекстан Республикасындағы Қазақ мәдени орталығы өкілдерімен онлайн түрде Өзбекстанда тұрып жатқан этникалық қазақтардың кіші құрылтайы өткізілді.

Құрылтайды - Дүниежүзілік Қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков ашты. Құрылтайдың ашылуына байланысты шетелдегі барша қандастарды құттықтады. Бұл құрылтайға Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан ақпарат және қоғамдық даму министрі, Қауымдастық пен Отандастар қорының ел ағалары қатысты.

Кіші құрылтайға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызы Балаева және Дүниежүзілік Қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлы Тұрысбеков, Отандастар қоры вице-президенті Мағауия Қанапияұлы Сарбасов, ҚР Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасының елшілік өкілдері, Өзбекстан Республикасы министрлер кабинетінің жанынан шетелдермен ұлтаралық қатынастар және достық байланыстар жөніндегі комитет бөлім басшысы Феруз Беков және сол жақтағы Қазақ мәдени орталығының басшысы Серікбай Назарұлы Үсенов, сондай-ақ шетелдегі Дүниежүзі Қазақтарының Қауымдастығының төралқа мүшелері және басқада жауапты өкілдер қатысты.

Құрылтайға алыс-жақын шетелде тұрып жатқан қандас бауырларымызда қатысып, білім, ғылым, мәдениет, өнер саласы бойынша көптеген әртүрлі мәселелер айтылды. Құрылтайда негізі атқарылатын шаралар мен жүзеге асыратын жобалар жайында мәселелер мен ұсыныстар жайында да тоқталды.

Алғашқы сөз, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызына берілді.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызы

 Құрылтайда министр Аида Ғалымқызы, шетелдегі қандастар бауырларымызды ешқашан назардан тыс қалдырмағандығы жайында айтып өтті. Ең басты мақсат әрине шетелдегі қазақ қандастарымыздың тарихи отанына деген байланысын үнемі қолдап отыруына аса көңіл бөлгенін аңғаруға әбден болады. Өзбекстан Республикасындағы Қазақ қауымдастығы ең көп шоғырланған мемлекеттердің бірі екенін баса айтып өтті. Қазақстан мен Өзбекстан елі арасындағы арасындағы бауырластық жылдан-жылға артып келе жатқаны жайлы, соның ішінде мәдени-гуманитарлық байланыстың ерекше назарда екенін айтып, биылғы жылы қазан айының басында Ташкент қаласында «Абай үйі» Қазақ мәдени іскерлік орталығы ашылғаны жайлы айтылды.

Бұл жоба Өзбекстандағы Қазақ мәдени ұйымдарына қолдау көрсетіп, түрлі бағыттарға, бірлескен жобаларды іске асыруды көздейтінін айтып өтті. Сондай-ақ, шетелдегі қандас-бауырларымызға жан-жақты қолдау көрсету барысында «Отандастар» қорының жұмыс жасайтында оның ішінде білім, ғылым, мәдениет саласы жайында нақты кең тоқталып, болашақта шетелдегі жастарды оқуға тарту жайлы тоқталды.

Сөз соңында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Ғалымқызы кіші құрылтай Өзбекстандағы қазақ диаспорасымен өзара мәдени байланысты кеңейтіп, қарым-қатынасты одан әрі нығайту мақсатында ұйымдастырылып отырғанын, шетелдегі қандастарға жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екендігін атап өтті.

 Сондай-ақ, құрылтайда Дүниежүзілік Қазақтарының қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Қауысбекұлына құрылтайда барша алыс-жақын шетелдегі қандас-бауырларымызды кіші құрылтайдың ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар, осыған дейін шетелде өткізілген құрылтайлардың мақсатына толық тоқтап өтті.

 «Отандастар» қорының вице-президенті Мағауия Қанапияұлы шетелдегі қандас жастар үшін Қазақстанда білім бағдарламалары туралы ақпарат беріп, осы бағыттағы «Отандастар» қорының жұмысымен таныстырды. Сонымен қатар Қазақстандағы дайындық бөлімдері жайында да айтылды.

Кіші құрылтайда - Өзбекстандағы «Қазақ» мәдени орталығының өкілдері сөз сөйлеп, оның ішінде орталық өкілдері өз ойларын ортаға салып, әсіресе білім, ғылым, мәдениетке байланысты, оның ішінде оқу-білімге көп көңіл бөлуге тоқтады. Өзбекстанға Қазақстандағы жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу туралыда сөз қозғалды.

Биыл ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай Өзбекстандағы қазақ мектептерінде бірнеше мәдени-шаралар өткізіліп жатқандығы білім саласы бойынша өкілдері айтып өтті. Бұл әрине үлкен жұмыс екендігін аңғаруға әбден болады. Құрылтайға Еуропадан да қандас бауырларымыз қатысып өз ұсыныстарын, ойларын айтты. Швецияда тұратын қандасымыздың Отанға, елге деген ыстық сезімі осы құрылтайда барша қатысушылардың көңіліне ұя салғанын байқауға әбден болады. Қандасымыздың туған баласы өзіміздің қара шаңырағымыз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осыдан бірнеше жыл бұрын білім алып, бүгіндері Қазақстанда қалып отбасын құрып, ары қарай өз мамандығы бойынша жұмыс жасап жатқандығы жайында тоқталып өтті. Тәуелсіздік алғаннан бері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мыңдаған шетелден келген қазақ жастары білім алып қазір еліміздің түкпір түкпірінде қызмет атқаруда. Әрине шетелдегі қандас-бауырламызға кіші құрылтайлар жиі өткізіліп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді.

Құрылтай соңында шетелдегі барша қандас-бауырларымызда өз ойларын ортаға салып, болашақта бұданда үлкен жетістіктерге қол жеткізетініне үлкен сеніммен қарауда. Құрылтайды ұйымдастырушыларға қандас бауырлармыз алғыстарын шексіз жаудырып жатты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Жоғары оқу орнына дейінгі

білім беру факультеті

деканның орынбасары

М.Б.Амирканов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір