• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 18:18:56
Алматы
+35°

Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанұлы мәжілістің жалпы отырысында бюджеттің жоспарлаудың бірыңғай кемшіліктері жылдан жылға үзілмей, қайталанып келе жатқанын атап айтты.

– Президент Жолдауымен мемлекеттік бюджет егіз ұғым. Бюджеттің ешқандай бұрмалаусыз, қолсұғусыз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай адалдықпен, тазалықпен, әділдікпен тек қана халық мемлекеттік даму мүддесіне орындалуын қамтамасыз ету баршамыздың қасиетті мемлекеттік борышымыз. Бюджетті қолдау мен әлеуметтік тұрмысымызда қолжеткен жетістіктеріміз аз емес. Заң жобасын қолдаймын. Алайда 90-шы жылдардың 2-ші жартысында таяу жылдары 3 аусымды мектептер болмай, ауылдар елді мекендер толық ауызсумен қамтамасыз етіледі деген арнайы бағдарламалар соңына дейін жеткізілмеді. Өкінішке орай бүгінгі жобада да ол анық көрсетілмеген.

Бюджетті жоспарлаудың орындаудың жылдан-жылға қайталанып, жалғасып жатқаны бірыңғай кемшілікері мен қателіктері үзілмей келеді. Оған қоса жыл сайын ондаған лауазымды қызметкерлер жемқорлықпен, парақорлықпен ұсталып, істі болуда. "Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді" демекші, қоғамда бүкіл мемлекеттік қызметкерлер туралы теріс пікір қалыптасады. Министрлер консалтингтік әкімшілік шығындарды жоспарлауда бұрынғы ұстанымдарын өзгерткісі келмейді. Тек қаржы министрлігі өзіне 184 млрд теңге жоспарлапты. Кейбір министрліктер консалтингтік қызметке әуес. Тәуелсіздігіміздің алғашқы 5-10 жылында қажет болған шығар. Қазіргі кезде шетелдік ақылшылар кімге, не үшін қажет? Тұран жолбарысын өрбіту біз үшін қаншалықты маңызды? Балқаш жағалап, жайылып жүрген мыңдаған мал қайда барады? Бюджеттің орындалу жолындағы көпшілігі ойдан шығарылған бюрократиялық кедергілер жойылудың орнына  билеп, төстеп көбейіп келеді, – деп атап айтты ол. 

Оның айтуынша лауазымды тұлғаларда жауапкершіліктің болмауы оларда әлі де мемлекеттік тәртіптің немесе мемлекеттік сананың жоқтығын көрсетеді.

– Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус жағдайындағы бюджет қаржысына дәрігерлер тағдырына керең-ау мізбақпас бюрократтық әрекеттері қатаң сынға алынды. Үкімет министрліктер бюджет әкімшіліктері осындай талқылаулардан нақты шешім шығаруға міндетті. Өйткені бұл халықтың, қоғамның талабы. Лауазымды тұлғаларда жауапкершіліктің болмауы оларда әлі де мемлекеттік тәртіптің не мемлекеттік сананың не оның жоқтығын көрсетеді.  Олар ресми қызметке кіріскенде берген анттары қайда қалды? Еліміздің Солтүстік, Орталық өңірлерінің ауылдарынан тұрғындар көшіп, елді мекендер бос қалып жатыр. Үкіметтің дипломмен ауылға ұраны бәр-екі дәрігер, мұғалімдермен шектеліп, еш нәтиже бермеді. Оңтүстіктен барған отбасылар жыртыққа жамау бола алмады. БАҚ-тағы жарияланған ауылдардан қара топырақты жерлерден елдің кетіп жатқаны - жұмыссыздық, екіншісі - жерге иеліктерінің жоқтығы. Міне, мемлекет қаржысы қайда жұмсалу керек, – деді Қуаныш Сұлтанұлы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір