• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 07:51:53
Алматы
+35°

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері арасында атыс болды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми сайты хабарлады.

Тәртіп сақшылары арасындағы теке-тіреске есірткі бизнесі себеп болған. Бір топ полиция қызметкері Шудан есірткі заттарын тасымалдаумен айналысқан. Мұны, ішкі қауіпсіздік қызметі біліп қойып, қылмыстың жолын кеспек болған. 

Полициядағы ішкі қауіпсіздік басқармасы 3 полицейдің ізіне түскен. Олар, Шудан есірткі заттарын жинап, Құмөзекке апарып сатып бизнес жүргізген. Қылмысқа барған полицейлерді ұстау үшін ішкі қауіпсіздік қызметкерлері Шу-Тараз тас жолын жапқан. Алайда, күдіктілер оны сезіп, арты, атысқа айналған.

"Атыс қаруымен қаруланған автокөліктегі үш күдікті қатты жылдамдықпен қуғыншылардан сытылып кетпек болған. Полицейлер аспанға ескерту жасап оқ атса да – күдіктілер құлақ аспаған, бұдан соң көлік құралын тоқтату үшін қызметтік қару қолданылды. Үш адамның екеуі атыс жарақатын алып, нәтижесінде, олардың біреуі медициналық мекемеде көз жұмды" делінген ішкі істер министрлігі таратқан хабарламада. 

Полицейлер аспанға ескерту жасап оқ атса да – күдіктілерлер құлақ аспаған, бұдан соң көлік құралын тоқтату үшін қызметтік қару қолданылды.

Департаменттің мәліметінше, 3 адамның екеуі атыс жарақатын алып, нәтижесінде, олардың біреуі ауруханада көз жұмды. Ал, екіншісіне стационар жағдайында медициналық көмек көрсетілді. Үшінші күдікті ҚР Қылмыстық-процесуалдық кодексінің 128-бабымен уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297, 345, 362-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір