• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:42:42
Алматы
+35°

Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов азаматтарды дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету туралы баяндады.

Б. Атамқұловтың айтуыеша, 9 айдың қорытындысы бойынша фармацевтика өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 39,8% өскен.

– Өсім "СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізудің ұлғаюымен қамтамасыз етілді, – деді ол..

Министр мәліметінше, елде фармацевтика өнеркәсібінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды өндіруді 96 кәсіпорын жүзеге асырады. Бүгінде отандық тауар өндірушілер дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың 5 042 мың атауына 88 ұзақ мерзімді шарт жасады.

 

"Отандық кәсіпорындар тәулік сайын 900 мың маска шығаруда. Қоймаларда 18 млн маска бар. Бұл ретте, кәсіпорындардың өндіріс қуаттылығы тәулігіне 1,2 млн данаға дейін медицина маскасын шығаруға мүмкіндік береді. Күн сайын 330 мың жұп перчатка шығарылады. Қоймаларда 7 млн аса жұп перчатка бар. Биылғы қараша айында оның қуаттылығы тәулігіне 530 мың жұпқа дейін ұлғайтылатын болады. Бүгінде 6 отандық компания айына 504 мың қорғаныс костюмін шығарады. Жыл соңына дейін оның қуаттылығы 1 млн дейін арттырылатын болады" делінген ақпараттық хабарламады.

 

– Індеттің екінші толқыны жағдайында фармацевтика саласының кәсіпорындары дәрілік заттардың қажетті көлемін қамтамасыз етуге дайын, – деді Б. Атамқұлов.

Өкпені жасанды желдетудің стационарлық аппараттарына республика бойынша барлық қажеттілік 1500 бірлік аппаратты құрайды. Бүгінгі күні Қазақстанның 17 өңіріндегі 297 аурухана үшін барлық 1500 бірлік (100%) ӨЖЖ стационарлық аппараты өндірілді және жеткізілді. Қазақстан зауыттарында 376 жедел жәрдем автомобилі шығарылды, оның 220-сы ел өңірлеріне жеткізілді. Бүгінгі таңда қалған 156 бірлік көлік жеткізілуде. Жалпы, осы бағдарлама шеңберінде 5 қарашаға дейін 1 167 бірлік санитарлық көлік жеткізілетін болады. 

Бүгінгі таңда  жылжымалы медициналық кешендердің 63 бірлігі дайындалды. Бүгінде 45 бірлік медициналық кешені жөнелтілді, оның 25 бірлігі өңірлерге жеткізіліп, беру процесі жүргізілуде. Қалған 18 кешен ертең жөнелтіледі. 37 бірлік өндірісте және ағымдағы жылдың 23 қазанына дейін жөнелтілетін болады.  Жергілікті атқарушы органдар "Ақтөберентген" АҚ-мен 49 бірлік рентген аппаратын өндіруге келісімшарттар жасасты. Алғашқы 12 аппарат 9 қазанда Ақтөбе қаласына жеткізілді. Қалған 37 бірлік аппаратты жөнелту ағымдағы жылдың 30 қазанына дейін аяқталатын болады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір