• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 09:56:20
Алматы
+35°

Көрнекі сурет

 

Еңбек шартына сәйкес, бір жылда қызметкерге 12 еңбекақы төлеу көзделген. Алайда кей компаниялар үшін 13-жалақы төлеу тәртібі қалыпты саналады, деп жазады Нурфин.

13-жалақы төлеу социалистік қоғамға тән болған. Қазіргі нарық заманында бұл мәселені әр компания жеке шешеді әрі 13-жалақы біртіндеп қызметкердің жетістігі мен еңбек өнімділігіне қарай жыл соңында төленетін сыйақыға айналған. Бірақ бұл да компания құзырындағы шаруа.

13-жалақы еңбек кодексінің 107-бөліміне сәйкес еңбек шартында көзделген жағдайда ғана төленуге міндетті болып саналады.

Мұндай ынталандыру әдетте ұйым жарғысында жазылады.

Егер 13-жалақы тағайындау құжат түрінде рәсімделген болса, онда қызметкер жыл табысты біткеніне қарай, сыйақыға иек арта алады. Бұл жерде еңбек шартында тиісті пункттың болуы және қызметкердің ішкі ережелерді бұзбағаны  маңызды.

13-жалақы төлеу туралы міндеттеменің еңбек шартына енгізілуі жұмыс берушінің қалауына тікелей байланысты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір