• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:36:55
Алматы
+35°

2020 жылдың басынан бері Қазақстанда көпбалалы аналар 171,2 миллиард теңге сомасында жәрдемақы алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қаңтардан қыркүйекке дейін 386,6 мың көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақы төлемдерімен қамтылды.

Төрт және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттері бар отбасылар табысына қарамастан, осы мемлекеттік жәрдемақыға үміткер бола алады.

Жалпы, 2020 жылы көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеуге республикалық бюджеттен 191,1 миллиард теңге қарастырылған.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жаңа мемлекеттік жәрдемақы Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: көпбалалы отбасы ана

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір