• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:55:55
Алматы
+35°

Қытайда алғаш рет COVID-19 тірі вирусы мұздатылған теңіз өнімдерінің қаптамасынан табылды. Бұл туралы Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.

Циндаодағы коронавирус инфекциясын жаңадан жұқтырғандарды зерттеу барысында орталық сарапшылары импортталған мұздатылған тресканың сыртқы қаптамасына жасалған сынамадан тірі вирус табылған.

Ведомство зертханадан тыс жерде мұздатылған өнімдерді тасымалдау кезінде COVID-19 қаптамада ұзақ уақыт өмір сүре алатыны дәлелденгенін түсіндірді.

Тірі вирус бар өніммен қорғаныссыз байланыс орнатқанда инфекция жұқтыру қаупі бар. Бірақ мұндай ықтималдық өте төмен деп бағаланады.

– Қазіргі уақытта қол жетімді зерттеулер COVID-19 тамақ арқылы берілетін індет емес екендін айтады. Бүгінгі күнге дейін вирус табылған мұздатылған теңіз өнімдерімен байланыс арқылы инфекция жағдайлары да анықталған жоқ, – деп атап өтті орталықтағылар.

Аурулардың алдын алу орталығы қауіп тобындағы қызметкерлерге мұздатылған өнімдермен байланыста жеке қорғаныс шараларын арттыруды ұсынды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір