• USD 424.85

  • EUR 504.21

  • RUB 5.84

  • CNY 65.86

26 Қазан, 11:46:19
Алматы
+12°

Ақмола облысы Щучинск қаласында Lexus автокөлігінің қатысуымен жол апаты болып, екі полицей қаза тапты. Оқиға сыртқы бейнебақылау камерасының объективіне түсіп қалған, деп хабарлады Ақмола облысы ПД-ның баспасөз қызметі.

Қайғылы оқиға 15 қазанда Щучинск қаласындағы Абылай хан және Сейфуллин көшелерінің қиылысында болған.

"Абылай хан көшесімен келе жатқан Lexus NX 200 автокөлігінің жүргізушісі Бурабай ӨКМ жергілікті полиция қызметі бөлімінің Lada 21214 қызметтік автокөлігімен соқтығысқан.

LADA 21214 қызметтік автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы - Бурабай АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторлары. Алған жарақаттарынан олар оқиға орнында қайтыс болды" делінген хабарламада.

Апатқа Щучинск қаласының 25 жастағы тұрғыны кінәлі болып шықты. Бұрын ол ҚК-нің "автомобильді немесе өзге де көлік құралын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену", сонымен қатар "көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі" баптары бойынша бірнеше рет сотталған.

Жігіттің 2022 жылға дейін рульге отыруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Қайғылы оқиғадан кейін ол қамауға алынды.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды" деп толықтырды полиция департамендегілер.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жол апаты полицей

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір