• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

30 Наурыз, 11:01:30
Алматы
+35°
Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте 110 адамнан коронавирус, 159 адамнан коронавирус инфекциясы бар пневмония анықталғанын, 1 адам қайтыс болғанын хабарлады.
 
Министрлік мәліметінше, кеше пневмонияға шалдыққан 82 адам, коронавирус жұқтырған 179 адам ауруханадан шығарылған.
 
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясы бойынша 2 789 адам ем қабылдап жатыр. Оның 99-ы бала бар. 2 055 науқас стационарларда, 734 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Науқастардың арасында 82 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 11 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, шетел және Қазақстан ғалымдары коронавирус белгілері бар пневмонияның шын мәнінде коронавирус екенін мәлімдегеніне қарамастан, Қазақстан билігі коронавирус пен пневмония статистикасын жеке-жеке жүргізіп келеді.

Елде коронавирус анықталған алғашқы күннен бүгінге дейін 109 094 адам вирус жұқтырған. Оның 104 525-і жазылып шықса, 1768 адам қайтыс болған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: коронавирус

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір